×
470.28
537.53
5.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.28
537.53
5.99

«Жұмысты жеделдетуді сұраймын»: Бектенов Смағұловқа үндеу жасады

Бүгін, 11:01
«Жұмысты жеделдетуді сұраймын»: Бектенов Смағұловқа үндеу жасады
Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда BYD зауытын салу жобасын іске асыру жұмысын жеделдетуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ол Үкімет отырысында сөйлеп, Astana Motors холдингінің негізін қалаушы Нұрлан Смағұловқа өтініш білдірді.

Бектенов Қазақстан аумағында BYD автокөліктерін шығаратын өндіріс орнын іске қосуға мүдделі екенін атап өтіп, Үкімет тарапынан жобаға қажетті қолдаудың көрсетілетініне сендірді.

— Біз BYD электромобильдерін шығаратын зауыттың дәл Қазақстанда ашылғанын қалаймыз. Үкімет тарапынан қандай қолдау қажет болса да, ол көрсетіледі. Осы жобаны жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетуді сұраймын, — деді премьер-министр.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Нұрлан Смағұлов Astana Motors компаниясы BYD-мен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан болатын.

Оның сөзінше, биыл компания BYD брендімен автобустар шығару жобасын пысықтап жатыр. Ал келесі жылы Қазақстанда қытайлық брендтің жеңіл автокөліктерін өндіруді бастауды жоспарлап отыр.

BYD (Build Your Dreams) — Қытайдағы ірі автомобиль өндірушілердің бірі әрі электромобильдер мен гибридті көліктер нарығында әлемдік көшбасшылардың қатарында. Компания жеңіл автокөліктер, автобустар, жүк көліктері, сондай-ақ аккумуляторлар мен электр көлігіне арналған өзге де компоненттер шығарады.

Соңғы жылдары BYD шетелдік нарықтардағы қатысуын белсенді түрде кеңейтіп, түрлі елдерде өндірістік алаңдарын ашып келеді.