×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Керемет сенсация жасады - Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын құттықтады

28.09.2021, 08:50
фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына өтуімен құттықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!», - деп жазды Тоқаев твиттер аккаунтында.

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Иран командасымен қарсыласып, 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары