×
$
455.4
526.99
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.4
526.99
5.25

Тоқаев Сәденовті Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындады

Бүгін, 09:15
Тоқаев Сәденовті Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындады
ҚР ІІМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Сәденовті Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындады. Тиісті жарлық 3 қыркүйекте жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ержан Сәденов ІІМ-ді 2023 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келеді. Ол 57 жаста, полиция генерал-лейтенанты. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. Сәденовтің бүкіл еңбек жолы құқық қорғау органдарында өтті. Ол 1993 жылы ШҚО-дағы қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып қызметін бастаған.

Кейін Зайсан және Тарбағатай аудандарындағы полиция бөлімдерін басқарды, ШҚО-да есірткі бизнесіне қарсы күреске жетекшілік етті, одан соң Өскемен қаласының полициясын басқарды. 2009-2013 жылдары Маңғыстау облысы полициясының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Кейін ІІМ-нің «Р» департаменті мен көліктегі ішкі істер департаментін басқарды.

2016-2019 жылдары Ақмола облысының полиция департаментін, кейін елорда полициясын басқарды. 2022 жылдың қаңтарында Ішкі істер вице-министрі болып тағайындалса, 2023 жылдың қыркүйегінде министр қызметіне келді.

Контекст

Бұған дейін Ерлан Қариннің Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалғаны, ал Олжас Бектеновтің премьер-министр қызметінде қалғаны белгілі болды. Бұл кандидатураларды Тоқаев Құрылтай депутаттарының қарауына ұсынған.

Сондай-ақ Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2023 жылғы қыркүйектен бері атқарып келген. Оған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасын басқарған.

Бүгін Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ал Ринат Мұхаметқали Президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Мұхтар Тілеуберді қайтадан сыртқы істер министрі болды.

Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне қайта тағайындалды.