Айдарбек Сапаров Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Президент Айдарбек Сапаровты Ауыл шаруашылығы министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Сапаров бұл қызметті 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
Бұған дейін ол өзі туған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеген.
Контекст
Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығын тек оқулықтан біліп отырған жоқ: оның көптеген туыстары агробизнес саласында еңбек етеді. Бұған дейін біз шенеунік Сапаровтың аграрий Сапаровтармен ортақ мүддесі бар екені туралы жазған едік.