×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

“Google салығы”: Шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 13 млрд теңге құйды

14.02.2023, 14:42
фото: ашық дереккөзден

Шетелдік компаниялар Google үшін Қазақстанға 13 млрд теңгеден астам салық төледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

LS-тің жазуынша, бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

Интернетте тауар сататын немесе қызмет көрсететін шетелдік ұйымдар мен сауда алаңдары ел қазынасына жалпы сомасы 13,3 млрд теңге салық төлеген. Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері барлығы 45 компания ҚҚС немесе “Google салығын” төлейді.

Мәселен, Meta Platforms Ireland Limited (Ирландия) – 2,9 млрд теңге, iHerb (АҚШ) – 2,6 млрд теңге, Google Commerce Limited (Ирландия) – 2,2 млрд теңге, Apple Distribution International Limited (Ирландия) – 1,7 млрд теңге, Valve Corporation (АҚШ) - 1,6 млрд теңге төлеген.

Ал ресейлік Lamoda өткен жылы Қазақстан бюджетіне 731,1 млн теңге, Нидерландтық Netflix International B. V. – 288,2 млн теңге, гонконгтық Qnet Limited – 285,4 млн теңге, ресейлік Ozon – 204,7 млн теңге, американдық Zoom video Communications, Inc. – 102,6 млн теңге салық құйған.

Серіктес жаңалықтары