×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қырғызстанның экс-президенті бостандыққа шықты

14.02.2023, 16:18
Қырғызстанның экс-президенті бостандыққа шықты
AP/Vladimir VORONIN

Бұл туралы оның "Социал-демократтар" саяси партиясының серіктестері мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Интерфаксқа" сілтеме жасап.

Партияның басшысы Темірлан Сұлтанбековтің сөзінше, Алмазбек Атамбаев ем қабылдап жатыр.

"Батукаевты босату туралы үкімнің күші жойылды, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев босатылды", - деп жазды Сұлтанбеков.

Сонымен қатар, Первомай аудандық сотының Атамбаевтың Қырғызстаннан тыс жерге емделуге шығуына рұқсат берген.

Сұлтанбековтың айтуынша, соңғы екі жылда Атамбаев Қалыс-Ордодағы мектепке қатысты, түрік азаматтарына төлқұжат беру, мемлекеттік билікті басып алу сынды қылмыстық істер бойынша толығымен ақталды.

"Билік құрған комиссия Атамбаевтың Дача-Суда әуе апатына ұшыраған ұшаққа тиелген жүктерге еш қатысы жоқтығын толық дәлелдеді. Бүгін Батукаев бойынша үкім өз күшін жойды", - деді Сұлтанбеков.

Саясаткердің сөзінше, қазір Атамбаевтың өміріне қауіп төніп тұр, сондықтан тез арада ота жасау керек.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қырғызстан Жоғарғы Соты Атамбаевты 11 жылға соттаған істі қайта қарауға жіберген. 2020 жылғы 23 маусымда Бішкектің Первомай аудандық соты Атамбаевты 2013 жылы қылмыстық аяда танымал Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін мүлкін тәркілеп, 11 жылға және екі айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Экс-президент 2011 жылдан 2017 жылға дейін президент қызметін атқарды. Оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Оған Батукаевты босату туралы істен басқа, 2019 жылғы 7-8 тамыздағы Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктерге, сыбайлас жемқорлыққа әрі қылмыстық кірістерді заңдастыруға, Түркия азаматтарына паспорттарды заңсыз беруге байланысты істер бойынша айып тағылды.

2022 жылғы 16 маусымда Атамбаев Бішкектегі "Қалыс-Ордо" тұрғын үй алабында мектеп салу әрі Түркия азаматтарына паспорттарды заңсыз беру туралы қылмыстық істер бойынша ақталды. Ол Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің "лауазымдық жағдайын асыра пайдалану" және "сыбайлас жемқорлық" баптарында көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәсіз деп танылды.

2022 жылғы 28 маусымда Бішкектің Первомай аудандық соты Атамбаевты қылмыс құрамының болмауына байланысты 2020 жылғы қазанда жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру туралы іс бойынша ақтады.

2021 жылы ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша 2010 жылғы маусымда елдің оңтүстігіндегі оқиғалар бойынша тергеу қайта басталды. Елдің Қылмыстық кодексінің "лауазымдық ережені асыра пайдалану" бабы бойынша айып Уақытша үкіметтің бұрынғы бес мүшесіне жүктелді. Олардың арасында 2010 жылы Уақытша үкімет төрағасының орынбасары қызметін атқарған Атамбаев та бар.