×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ақтөбеде мектеп өртенді

22.02.2023, 10:23
ТЖД

Ақтөбе қаласында №23 орта мектеп-лицейінен өрт шықты. Мектептегі 900-ден астам оқушы мен мұғалім эвакуцияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 08:01-де тіркелген.

112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Сәтпаев көшесінде орналасқан №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Шақырту орнына жедел түрде 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілді.

«Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 1-қабатта орналасқан кабинеттің жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мектеп-лицейден 890 оқушы және 60 мұғалім эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілді. Өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді»,- деді департаменттен.

ТЖД тұрғындарға қысқа тұйықталуға жол бермеу ережесін қатаң сақтауды ескертті.

«Розеткаларды электр құрылғыларымен толтырмаған жөн. Электр желісіне шамадан тыс жүк түссе, автоматты өшіру құрылғысы маңызды рөл атқарады. Үйде жөндеу және шаруашылық жұмыстарын мұқият жүргізіңіз»,- деп ескертті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары