×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Қазақстан Шенген аумағының қара тізіміне енді": СІМ түсініктеме берді

27.02.2023, 17:12
"Қазақстан Шенген аумағының қара тізіміне енді": СІМ түсініктеме берді
ht.kz

Бұған дейін ақпарат құралдары Қазақстанның шенген аумағының қара тізіміне енгенін, яғни қазақстандықтардың Еуропа елдеріне кіруі қиындайтынын жазған еді. ҚР СІМ ресми өкілі осы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы күшіне енген Қазақстан мен Еуропалық одақ пен оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес тараптар ҚР және Еуропалық одақ азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы келісім бойынша келіссөздер жүргізу мәселесі бойынша жан-жақты диалог жүргізуге келісті, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстарға жәрдемдесу және кеңейту міндеттемелерін қабылдады. Бұл ретте, 2017 жылдан бастап Қазақстан Еуропалық одақтың барлық елдерінің азаматтары үшін елімізге келу үшін визасыз режимді енгізді. Қазіргі уақытта СІМ визалық рәсімдерді жеңілдету үшін және азаматтарымыз үшін өзара қолайлы тетіктерді әзірлеу мақсатында еуропалық әріптестерімізбен консультацияларды жалғастыруда. Жақын арада Еуропалық тараптан нақты қадамдар күтеміз”, – деді Айбек Смадияров.

Министрлік өкілінің сөзінше, Қазақстанның қандай да бір тізімге енгізілгені туралы еуропалық тараптан ресми хабарлама түспеген.

“Алайда, жұмыс тәртібінде бізге келесіні хабарлады – 1 наурыздан бастап Қазақстан Шенген визасын беру кезінде бұдан былай азаматтары үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдердің тізбесінде болады. Сонымен қатар, Шенген келісімінде «қара» немесе «қызыл» тізім деген ұғым жоқ, бұл әдеттегі жұмыс процесі туралы айтылған.

Мұндай қадам, біз түсінгендей, Шенген келісімінің бір елі сұратты, өйткені Еуропалық одақ ережелеріне сәйкес Еуропалық одақ пен Шенген аймағының елдері виза алуға өтініш берген үшінші елдердің азаматтарына қатысты қосымша консультациялар бастауға құқығы бар”, – деп түсіндірді ол.

Айбек Смадияровтың айтуынша, консультациялар жеті күнге созылуы мүмкін. Бұл ретте визалық сауалнамаларды жалпы қараудың стандартты мерзімі бұрынғыдай қалады – 15 күнге дейін, яғни іс жүзінде Қазақстан азаматтары үшін визаларды қарау рәсімінде қандай да бір өзгерістер күтілмейді.

“Азаматтарына қатысты қосымша консультациялар басталуы мүмкін 40 ел кіретін тізім «қара тізім» деп аталмайды, өйткені олардың арасында Еуропалық одақпен тығыз қарым-қатынастары бар және қауіпсіздік жағынан қолайлы Орталық Азияның барлық елдері, Әзербайжан, Армения, Марокко, Тунис, Иордания, Вьетнам сияқты көптеген елдер кіреді”, – деп атап өтті СІМ ресми өкілі.