×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қазақстан мұнай тасымалының жаңа бағытын іске қосады

10.03.2023, 17:08
ria.ru

Еліміз мұнай экспортының жаңа арнасын іске қоспақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы  ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлім етті.

Бүгінде тек «Шығыс-Батыс» қана емес, «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты да бар. Осыған дейін орта бағыт айтылды, бірақ оңтүстік бағыт та бар. Ол Түрікменстан мен Иран арқылы өтеді. Былтыр президент Иранға барып, тауарды Түркия арқылы сол елге жіберу бойынша келісімдер жүргізді, - деді вице-министр.

Роман Василенко Қазақстан арқылы мұнай тасымалдау қандай бағыттар бойынша жүргізілетінін айтты.

Каспий құбыр консорциумы, «Атырау-Самара» құбыры, «Махачкала-Ақтау» бағыттары болды. Биылдан бастап «Ақтау-Баку» бағытындағы тасымалдау іске қосылады, яғни Әзірбайжан арқылы мұнай тасымалдана бастайды, - деді ол.

Айта кетейік, Украинадағы соғысқа байланысты Еуропа елдері Ресей мұнайына эмбарго жариялаған. Ақпан айында Қазақстаннан Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізілді. Наурызда да бұл елге дәл осындай көлемде қара алтын экспортталмақ.

Бұдан бұрын  ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда мұнай бағасы қанша болуы керегін айтқан.

Серіктес жаңалықтары