×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

"Жеке өзіме ұнайды": Мусин Қазақстанда интернет сапасы нашар екенін мойындағысы келмеді

14.03.2023, 12:23

Елдің кейбір өңірлерінде интернет түгілі ұялы байланыс жоқтығына қарамастан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандаңы интернет сапасына көңілі толатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет кулуарында тілшілердің интернет сапасы туралы сұрағына жауап берген министр Қазақстанды өзге елдерден көш ілгері деп есептейтінін. жеткізді.

«Статистика бойынша, Қазақстан интернет бағасы бойынша соңғы орындарда тұр. Сапасы бойынша да ең үздігі емеспіз, орташамыз деп айтуға болады. Жеке өзіме елдегі интернет ұнайды, өйткені көптеген елге сапарлап барғанда ондағы байланыстың жай-күйін көріп жүрмін. Менің пікірімше, Қазақстанда қолайлы бағаға қолайлы интернет бар», - деді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, министр елдегі интернет бағасын нарық қалыптастыратынын, ведомство тарифты реттемейтінін атап өтті.

Еске салсақ, өткен аптада ел мектептеріндегі оқу процесін цифрландыру проблемалары сөз болған Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек республика мектептерінің  9%-ында ғана интернет жылдамдығы халықаралық талапқа сай екенін айтқан болатын. Оның дерегінше, Қазақстанның барлық білім ордаларында талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін кемі 4 жыл уақыт қажет.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Түркістан облысының 831 елді мекенінің 177-сінде әлі күнге дейін интернет жоқ. Ал 62 ауыл тіпті ұялы байланыссыз отыр.

Тұрғындарды сапалы интернетпен қамту мәселесі ауыл-аймақтарда ғана емес, Астананың өзінде әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Мұны қала әкімі Жеңіс Қасымбек мойындаған

Серіктес жаңалықтары