Алматы облысында ауданы 30 мың га G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Экономикалық аймақ Алматы қаласының солтүстігінде, ұзындығы 80 шақырым А3 тас жолының (Алматы - Қонаев) бойында орналасқан, оның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
2048 жылға дейін АЭА шеңберінде шамамен 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту, құны 17 трлн теңгеден астам қызметтер мен тауарлар өндіру, сондай-ақ 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған.
Үкімет мәліметінше, жаңа экономикалық аймақтың қызметі G4 City-де туризм, медицина, көлік-логистика, білім беру және мәдени-демалыс салалары инфрақұрылымының жедел дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, АЭА режимі нысандарды салуға кететін негізгі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.