×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Шымкентте сайлау өтпей дауыстардың "саналуы": ЕҚЫҰ өкілі не дейді

19.03.2023, 13:08
Коллаж: ulysmedia.kz.

ЕҚЫҰ (ОБСЕ) демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының сайлауды бақылау жөніндегі миссия басшысы Оуэн Мерфи Астанадағы №199 сайлау учаскесіне келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сайлауды бақылап жүрген халықаралық байқаушы ұйымның 350-ден астам өкілі Қазақстанның өңір-өңіріне сайлауды бақылау үшін аттанғанын айтады. Сайлау қорытындысы бойынша ертең сағат үште олар баспасөз мәслихатын өткізгелі отыр.

Шымкентте бір мандатты кандидаттардың "сайлау қорытындысы алдын ала шығып қойды" деген мәлімдемесі жайлы сұраққа ол "әзірге ол жайлы пікір білдіре алмаймыз" деп жауап берді.

Еске салайық, сайлаудан бір күн бұрын Шымкентте шу шықты. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған фотолар мен аудиожазбаларға сүйенсек, қалада сайлау басталмай тұрып сайлаушылардың дауыстарын санап қойған.

Серіктес жаңалықтары