×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

600 млн теңге несие алып, қайтармаған кәсіпкер жауапкершіліктен босатылды

20.03.2023, 16:51
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының облыстық сотында алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп сотталған кәсіпкердің апелляциялық шағымы бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші сатыдағы сот кәсіпкер Бейбіт Молдашевты адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы алдау жолымен аса ірі мөлшерде  бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп таныған.

Сот үкімімен ол 6 жылға 8 айға бас бостандығынан айырылды.

"2017 жылдың басында сотталған азамат "Жарқын СК" ЖШС, "Корпорация Рамут" ЖШС, "Рамут Агро Кемикал" ЖШС, "Қызылсая Агро" ЖШС, "АгроИнтерТех" ЖШС барлық қаржылық және шаруашылық қызметіне басшылықты іс жүзінде жүзеге асыра отырып, "Жарқын СК" ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын қолдан жасау жолымен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-дан 600 миллион теңге сомасында несие алу үшін аталған ЖШС мүлкін кепіл ретінде ұсынған", - деп хабарлады облыстық сот.

Бастапқыда алаяқтық ретінде қаралған іс басқа бапқа ауыстырылды – ұйым басшысының басқа несие берушіге несие алу үшін маңызды мән-жайлар туралы көрінеу жалған ақпарат беру арқылы несие алуы.

"Бұл қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығы аз қылмыстар санатына жатады және айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот алқасының қаулысымен бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", - деп хабарлады сотта.

Олар сотталушыға Рақымшылық туралы заң қолданылғанын айтты – ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Серіктес жаңалықтары