×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сайлаудағы былықтар: Әбдіров қызметінен кете ме?

27.03.2023, 13:49
Сайлаудағы былықтар: Әбдіров қызметінен кете ме?
фото: ашық дереккөзден

БАҚ өкілдері Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтен сайлау кезіндегі заңбұзушылықтарға байланысты қызметінен кету мүмкіндігі жайлы сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл қызметке келгеніне 1 жылдан енді ғана асқанын еске салған Әбдіров өзі басшылық еткелі бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«5 маусымда референдум өткіздік. Сонда референдумның аясында бізге бірнеше мың шағым түсті. Бірсыпыра дүние істеліп жатыр. Мына жерде отырған әріптестеріммен бірге бар күш-жігерімізді салып, таза, ақ ниетімізбен осы жұмысқа кірістік. Біз әрі қарай олқылықтарды жоюға бар күшімізді саламыз. Біз жабылып алып, жұмысты көрпенің астында істеп жатқанымыз жоқ», - деді ол.

Сондай-ақ, ол қызметті сұрап алмағанын алға тартты.

«Мен өмірде қызмет сұраған емеспін. Маған жұмысты жүктеді, қолдан келгенше адал істеуге тырысып жатырмын. Өз еркіммен бұл қызметті тастауға ешқандай негіз жоқ, арым таза», - деді ОСК төрағасы.

Еске салайық, бүгін ОСК Мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Төменгі палатаға өткен партияларға қанша мандаттан берілетіні белгілі болды. Сондай-ақ, бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліс депутаты атанғаны анықталды.