×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Президент «Ауыл» партиясына қандай міндет жүктеді

29.03.2023, 09:52
фото: ашық дереккөзден

Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін толық орындап отырған жоқ. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беру қажет. Ашығын айтсақ, агроөнеркәсіп кешені бұл міндетті толық орындап отырған жоқ. Осы саладағы саясат бірізді емес. Мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражат тиімді жұмсалмайды. Өнім өндіруші мен тұтынушының арасында делдал көп», - деді Мемлекет басшысы.

Президент кепілдік қамтамасыз етуге талаптың жоғары екендігін атап өтті. Агробизнесті қорландырудың балама құралдары баяу дамып келе жатқандығына назар аударды.

«Бұл азық-түлік инфляциясы динамикасына теріс әсер етеді. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға қажетті жағдай жасау – мемлекеттің міндеті», - деді Президент.

 

Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды екенін атап өтті.

«Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады деп сенемін», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары