×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Трампқа бизнестегі алаяқтыққа қатысты 30-дан астам айып тағылды

31.03.2023, 09:21
Фото: commons.wikimedia.org

Манхэттен прокуратурасы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа іскерлік саладағы алаяқтыққа қатысты 30-дан астам айып тағып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz СNN-ге сілтеме жасап.

Прокуратурасы Трамптың адвокаттар тобымен хабарласып, оған айып тағу үшін саясаткердің сотқа келуі керегін ескерткен. Бұрынғы президенттің адвокаты Сьюзен Нечелес оның сотқа келетіндігін мәлімдеді.

Трамп өзіне тағылған айыптарды  "тарихтағы ең жоғары деңгейдегі саяси қудалау мен сайлауға араласудан басқа ештеңе емес” деп мәлімдеме жасады. Экс-президент АҚШ-ты "үшінші әлем елі" деп те атады. Ол сондай-ақ Нью-Йорктегі әділ сот талқылауына сене алмайтынын айтты.

"Менің ойымша, бұл – Джо Байденге ауыр тиетін соққы. Америкалықтар мұнда радикалды солшыл демократтардың не істеп жатқанын жақсы түсінеді. Қозғалысымыз бен партиямыз – біртұтас. Алдымен олар Элвин Браггты жеңеді, содан кейін біз Джо Байденді жеңеміз. Біз Американы қайтадан ұлы ету үшін осы адал емес демократтардың барлығын қызметінен босатамыз!" – деп жазды Трамп.

Сотта Трамп ісін қарау аясында оған порно актриса Сторми Дэниэлспен болған оқиғаны тергеуге байланысты айып тағылуы мүмкін. Актрисаға Трамппен болған қарым-қатынас туралы жақ ашпағаны үшін үлкен сома төленді деп болжануда. Экс-президенттің өзі бұған дейін Дэниэлспен байланысты да, өз тарапынан кез-келген заңсыз әрекеттерді де жоққа шығарған.

Серіктес жаңалықтары