×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Оңтүстік Кореяда қазақтарды жұмыстан шығарып жатыр": СІМ мәлімдеме жасады

31.03.2023, 14:19
"Оңтүстік Кореяда қазақтарды жұмыстан шығарып жатыр": СІМ мәлімдеме жасады
фото: ашық дереккөзден

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатқаны жайлы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, әлеуметтік желіде Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін отандастарымыз жұмыстан шығарылып жатқаны туралы ақпарат жарияланды.

«Бұл – жалған ақпарат», - деп жауап берді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ СІМ ресми өкілі Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен екі қазақстандықтың тағдырына қатысты жергілікті полициядан хабар күтіп отырғанын жеткізді.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шығып, олардың біреуі ұсталғаны  хабарланған болатын. Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев екені айтылады. Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халық аралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған.

Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен отандасымызға іздеу жарияланғанын мәлім етті.

Оңтүстік Корея билігі іздеудегі қазақстандықты ұстап берген адамға 10 млн теңге сыйақы берілетінін жариялаған.

29 наурызда Нұрсұлтан Ырысбаевтың полицияға өз еркімен берілгені белгілі болды.