×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Әкімдік судан тарыққан астаналықтарға ескерту жасады

31.03.2023, 16:23
фото: ашық дереккөзден

8 сәуірде «Астана-Теплотранзит» компаниясы бояғыш арқылы құбырлар, су жылытқыштар мен жылу желілеріне тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Жылу желісіне суды жасыл түске бояйтын органикалық натрий флуоресцеин қолданылады. Бұл құбырлардағы білінбейтін ақаулар, су жылытқыштардағы бекіту арматурасы мен тұтынушылар жылу желілерінің тығыз болмауынан желін судың ағуын анықтау үшін жасалады”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Астана әкімдігінің мәліметінше, бұл іс-шара желідегі судың өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктерге ұрлануын анықтауға мүмкіндік береді.

Осы орайда, елорда тұрғындарынан құбыр суының түсі өзгерген жағдайда «Ikomek 109» қызметіне қоңырау шалу сұралады.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Астана Су Арнасы» МКК мәліметінше, қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы туғанын мәлімдеген. Осыған байланысты бас қала тұрғындарына ауыз су тәуліктің әр уақытында әр түрлі қысыммен беріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары