Үкіметте Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағынына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауар жеткізу логистикасы туралы баяндалды”, – деп хабарлады ведомстводан.
Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әрекет етуді, сондай-ақ бизнес өкілдеріне кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Еске салсақ, 2022 жылдың басынан бері Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарып келе жатқан Әлихан Смайыловқа депутаттар тағы да сенім білдіріп, қызметін жалғастыруға мүмкіндік берді.
Ол басқаратын үкіметке еледгі инфляцияны кемінде екі есе тқмендету міндеті жүктеліп отыр.