×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Импорт 83,5% өсті: Қазақстан қай елдердің өндірісіне тәуелді

04.04.2023, 14:30
Импорт 83,5% өсті: Қазақстан қай елдердің өндірісіне тәуелді
exclusive.kz

Қаңтарда Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерге жөнелтетін экспорты азайып, импорты артты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі ұсынған «үшінші» елдермен тауар айналымы туралы мәліметте айтылған.

«Қазақстан мен үшінші елдер (Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдер – ред.) арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтарда 8,1 млрд доллар болды. Бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 14,8% жоғары (7,1 млрд доллар).

Аталған кезеңде Қазақстаннан үшінші елдерге жасалған экспорт көлемі 5,5% төмендеп, 5 млрд 168,5 млн доллар болды», - деп жазылға министрлік мәліметінде.

Қазақстанның экспортын қабылдаушы елдердің алғашқы бестігінде Италия (1,3 млрд доллар), Қытай (796,3 млн доллар), Оңтүстік Корея (559,3 млн доллар), Түркия (337,5 млн долар), Румыния (263,9 млн доллар) тұр.

Алғашқы ондықтан бұлардан бөлек Өзбекстан (258,4 млн доллар), Ауғанстан (209,3 млн доллар), Сингапур (187,4 млн доллар), Грекия (169,6 млн доллар), Нидерланд (141,3 млн доллар) бар. Айта кетерлік жайт, Жыл басында Нидерланд және Грекия елдеріне жөнелтілетін экспорт көлемі былтырғы қаңтарға қарағанда 70%-дан астам төмендеген.

Ал Қазақстанға қаңтар айында «үшінші» елдерден келген импорт көлемі 2 млрд 957,7 млн доллар төңірегінде болған. Былтырғы қаңтармен салыстырғанда өсім – 83,5%. Импорт жөнелтуші елдердің көшін 9947, млн доллармен Қытай бастап тұр. Алдыңғы бестікті Германия (213,7 млн доллар), АҚШ (177,7 млн доллар), Оңтүстік Корея (142 млн доллар) және Түркия (159,3 млн доллар) түйіндеп тұр.

Министрлік мәліметіне қарағанда, биыл Қазақстан экспортаушылары үшін жаңа нарықтар пайда болған. Атап айтсақ, Бангладеш, Сомали, Судан, Гондурас, Суринам және Никарагуа елдері Қазақстан экспорттайтын тауарларға өз нарығын ашып отыр.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерге экспорттаған тауралардың көш басында шикі мұнай тұр – 3,2 млрд доллар немесе бүкіл экспорттың 61,9%-ы. Одан кейін мыс және мыстан жасалған катодтар ($227 млн), бидай ($187,1 млн), кендер мен мыс концентраттары ($177,8 млн), ферроқорытпалар ($176,4 млн), теміржол локомотивтері ($133,8 млн), (2,6%), мұнай өнімдері ($124,7 млн), кендер мен темір концентраттары ($62,3 млн), күміс ($59,9 млн), тас көмір ($54,3 млн) тұр.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жылқы етінің импортын арттырғанын хабарлағанбыз.