×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Лавров қазақстандық жаңа әріптесін Мәскеуге шақырды

11.04.2023, 09:13
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бүгін Қазақстан вице-премьері – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мәскеуге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұрат Нұртілеуді Ресей тарапы шақырған.

Ресей сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сапар аясында ҚР сыртқы істер министрі ресейлік әріптесі Сергей Лавров және Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен кездесіп, келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды талқылайды. ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ сияқты интеграциялық тетіктер аясындағы Ресей мен Қазақстанның өзара іс-қимылына ерекше назар аударылмақ.

Серіктес жаңалықтары