×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматы тауларында құрылыс салуға мораторий енгізілуі мүмкін

11.04.2023, 12:38
dalanews.kz

Сенатор Андрей Лукин Алматының таулы жерлеріндегі заңсыз құрылыс пен алма бақтарының жойылу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қоғам белсенділері, экологтар, сейсмолог мамандар, заңгерлер және қала тұрғындары күрделі мәселеге назар аударуды талап етіп отыр. Қоршаған ортаға залал келтіріліп жатыр. Осының салдары тұрғындардың өміріне елеулі қауіп төндіреді», - деді Андрей Лукин премьер-министр мен Бас прокурордың атына жолдаған депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, кейінгі онжылдықта тау және тау етегінің бөлігінде қарқынды құрылыс жүріп жатыр.

«Жеке құрылыс компаниялары кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жариялануын жамылып, жер телімдерінің нысаналы мақсатын шаруа қожалығы немесе бау-бақша шаруашылығынан жеке тұрғын үй құрылысына ауыстырып, кейін тау етегіне жақын жерлерде көпқабатты тұрғын үй кешендерін салып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл аумақтардағы құрылыстар техногендік сипаттағы жер қабатының көшкініне әкелуі мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеді. Өйткені мұндай аумақтар күрделі құрылысқа жарамайды», - деді сенатор.

Андрей Лукин Үкіметке Алматы қаласының таулы және Алматы облысының Алматыға жақын аудандарының жерлеріне егжей-тегжейлі түгендеу жүргізуді ұсынды.

Оның пайымынша, қолданыстағы заңнамаға аталған жерлерде жеке құрылыс салуға толық тыйым салуды ескеретін өзгерістер енгізу керек. Бұдан бөлек, тиісті нормативтік-құқықтық актіні қабылдағанға дейін жер телімін бөлуге мораторий жариялау қажет.

Айта кетейік, өткен жылы қаланың Медеу ауданының тұрғындары Ерболат Досаевпен кездесу барысында тау баурайында үй құрылысы қарқынды жүріп, алма бақтары кесіліп жатқанын айтып шағымданған.

Серіктес жаңалықтары