×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Сала артта қалды": Тоқаев отандық ғылымды дамыту мәселелері жайлы

12.04.2023, 14:16
"Сала артта қалды": Тоқаев отандық ғылымды дамыту мәселелері жайлы
Ақорда

Елімізде ұзақ жыл бойы ғылымға баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі екенін баса айтты.

«Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек. Сол себепті менің Жарлығыммен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Оған Президент жанындағы кеңес мәртебесі берілді. Бұл – мемлекеттің ғылым саласындағы басымдықтарына қатысты ұсыным әзірлейтін негізгі құрылым»,- деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы кеңесті жасақтаған кезде оның құрамына айрықша мән берілгендігін атап өтті.

«Қазақ ғылымына зор еңбек сіңірген аға буын өкілдерін және шетел ғалымдарын шақырдық. Әлемге әйгілі ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жүрген жас ғалымдарымыз да кеңестің құрамына қосылды. Бізге алдыңғы толқынның мол тәжірибесі, кейінгі толқынның озық білімі және тың идеялары аса қажет. Олар өзара үйлесім тауып, еліміздің кәдесіне жарайды деп сенемін», – деді Президент.