×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алматыда мәслихат депутаттығына экс-кандидат пикетке шықты

14.04.2023, 09:49
әлеуметтік желіден

Алматыда мәслихат депутаттығына бұрынғы кандидат Равкат Мұхтаров өткен сайлаудың қорытындыларымен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұхтаров әлеуметтік желіде Әуезов ауданында пикетке шығатынын жазды.

"Мен Момышұлы мен Абай көшелерінің қиылысында тұрамын. Сайлау әлдеқашан өтіп кетті екен деп, біз оның қорытындысы бұрмаланғанынына көз жұмбауымыз керек. Қолымда дәлелдер бар және өзімдікі дұрыс екеніне сенімді бола отырып, мен бұл туралы айтпай қала алмаймын. Абай-Момышұлы қиылысында мен  бірнеше ондаған адамды өзіме дауыс беруге үндегенмін. Енді мен оларға дауыстарын кім және қалай ұрлағанын айту үшін барамын", - деп жазды экс-кандидат.

28 жастағы экономист Равкат Мұхтаров Алматы мәслихаты депутаттығына 7 сайлау округі бойынша үміткер болған.

Айта кетсек, кеше Алматыда сайлау қорытындысына қарсы митингке қатысқаны үшін белсенді Асылбек Қараев 15 тәулікке қамауға алынды.

Одан бұрын Алматыда тағы бір белсенді Әлнұр Ильяшев ұсталған болатын. Ол 9 сәуірде Алматыдағы Республика алаңында өткен митингке байланысты қамауға алынды.

Сондай-ақ, Мұхтар Тайжанның 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

Саясаткер Нұржан Әлтаевтың да 15 тәулікке қамауға алынғаны туралы хабарланды – ол заңсыз митингілерге шақырды деп айыпталды. Ол Астанадағы жаңаөзендік мұнайшылар жеткізілген  полиция бөліміне барып, сол жерден тікелей эфир жүргізген.

Серіктес жаңалықтары