×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

СІМ Астанадағы "тәліптер елшілігіне" қатысты түсініктеме берді

17.04.2023, 16:59
Global Look Press/Xinhua

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанда "тәліптер елшілігінің" пайда болуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, Ауғанстанның жаңа әкімшілігі олардың дипломаттарын ҚР-да аккредиттеуді сұраған.

«Біз оларды тіркеу жөнінде шешім қабылдадық. Айта кетейін, 2021 жылдың тамызында бұрынғы режим құлаған соң елде «билік вакуумы» пайда болды. Ауғанстан Ислам Республикасының шетелдегі елшіліктері бұл мемлекеттің атынан өкілдік етуін тоқтатты.

Ең алдымен, Президенттің Ауғанстанды қазіргі қиындықтармен жалғыз қалдырмайтынымыз туралы мәлімдемесін еске салғым келеді. Ол біздің ынтымақтастығымыздың гуманитарлық мәніне назар аударды. Ондағы ұнның 90 пайызы – қазақстандық», - деді Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ауғанстан мәселесі әлі де халықаралық қауымдастықтың қызу талқылауында болатынын айтты.

«Біз Ауғанстанның біртұтас болғанын әрі көркейгенін қолдаймыз. Ауғанстанның жаңа әкімшілігі өкілдерінің бізге келуі – мойындау дегенді білдірмейді. Бұл мәселе БҰҰ-ның құзырында қалады», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 2021 жылы Ауғанстанның билігін қолға алған «Талибан» – Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар қатарына жатқызылған.

Серіктес жаңалықтары