×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

"Министрлікке "2" қойдық": депутаттар олигополия мүддесін көксейтін заң жобасына шүйлікті

20.04.2023, 09:29
видеодан кадр

Мәжілісмендер Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген күмәнді заң жобасын кері қайтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат Бақытжан Базарбектің сөзінше, заң жобасынан ірі сақтандыру компаниялары, банктер мен олигополия мүдделерінің лоббиін аңғаруға болады.

“Сауда министрлігі экспорттық несие саласында арнайы заң жобасымен алдымызға келді. Осылай келгенше, келмегені дұрыс еді.Заң жобасында ірі тауар өндірушілердің тәуекелі мен қауіп қатерлерін сақтандырамыз деп, біздің күмәнімізге ілігіп қалды. Сонда бәсекені жоққа шығарып, арнайы экспорттық агенттік құрып, сол агенттікпен мемлекеттік қаражат есебінен мемлекеттік кепілдік ала отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдаймыз деп тұр”, – деп жазды мәжілісмен.

Бақытжан Базарбек құжатты әзірлеушілерді сұрақтың астына алғанын жеткізді.

“Бұл заң жобасын сақтандыру компаниялары, банктер мен олигополия мүдделерінің лоббиі емес пе деп сұрадым. Бұл жоба екінші утильалым, РОП-2-ге айналмай ма деп сұрақты төтесінен қойдым”, – дейді депутат.

Министрлік өкілдері құжат арқылы әлдекімнің мүддесін ілгерілету ниеттерін жоққа шығарғанымен, мәжідісмендер аталған заң жобасын қайта қараудан бас тартыпты.

“Біздің комитет мұндай сәтсіз заң жобасы үшін тұтас Сауда және интеграция министрлігіне “2” деген баға қойды. Лоббиге ұқсап бара жатқандықтан, дереу жиналысты тоқтатып, заң жобасын қолдарына ұстатып, қайтарып жібердік”, – деп жазды Б.Базарбек.

Серіктес жаңалықтары