×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Тоқаев: Бізге басқалардың ақпараттық соғыстары мен идеологиялық даулары керек емес

27.04.2023, 10:39
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында елдегі арандатушылық әрекеттер жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз – Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз – бүгінгі өмірі және болашағы – бір бауырлас азаматтармыз”, – деді президент.

Тоқаев мемлекет этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі барлық арандатушылықтарды заң аясында қатаң түрде тоқтататынын баса айтты.

“Бас прокуратура, ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды және заңға сәйкес әрекет етеді. Бұл ретте еліміздің әрбір азаматы өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Эмоцияға беріліп, дұшпандық пен жеккөрушіліктің жетегінде кетуге болмайды. Бізге басқалардың ақпараттық соғыстары мен идеологиялық даулар қажет емес", – деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары