×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанның «дипломатиялық жеңісі»: СІМ ресми өкілі Қытаймен визасыз режим жайлы

02.05.2023, 16:56
dknews.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасындағы 30 күндік визасыз режимді Қазақстанның дипломатиялық жеңісі деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан Қытаймен осы бағытта келісімге келген Орталық Азиядағы бірден бір мемлекет.

«Соңғы кездері қоғамда Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қарсы пікірлер айтылып жатыр. Ол – орынсыз. Себебі, келісімге қойылмады. Келісімге қол қойылса ғана ол күшіне енеді. Екіншіден, былтыр жаздан бері Қытай азаматтары Қазақстанға 14 күнге визасыз келе алады. Қазақстан көшелерінде қытайлар көп жүрген жоқ. Енді 14 күнге келетін азаматтар 30 күнге келе алады. Қазақстанға яғни бізге ұтымды жағы да бар”, - дейді Смадияров бүгінгі брифингте.

Оның сөзінше, егер келісімге қол қойылса, Қазақстан азаматы тура солай Қытай азаматтары сияқты Қытайға 30 күнге визасыз кіре алады. 

«Мысалы, біздің туристер Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға, Оңтүстік Кореяға және басқа да елдерге визасыз бара алады. Осылай тура Қытайға баруға болады”, - дейді Айбек Смдияров.

30 күн тек туристік немесе іскерлің мақсатпен баруға болады. Егер визасыз келген адам (Қазақстан немесе Қытай азаматы) қос елге барғанда, жұмыс істей алмайды. Егер адам 30 күннен аса елде болса, ол міндетті түрде жазаланады.

«Визасыз режим Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк көлік жүргізушілеріне визасыз кіруге болады. Бұл біраз мәселені шешеді. Қос ел арасындағы сауда-саттық өсіп, өңіраралық ынтымақтастық нығаяды, эконокамызға әсер етеді. Егер шекараны жауып тастасақ, эффект басқаша болады. Шекараны ашқаннан кейін жұмыс істеуіміз керек. Қытай алпауыт экономикасы бар мемлекет. Орталық Азияда Қытаймен визасы режим орнатқан жалғыз мемлекетпіз. Мұны біз дипломатиялық жеңіс деп есептейміз. Мамырда бұл келісімге қол қойылады. Осыдан кейін келісім күшіне енеді”, - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары