×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Трамп жазушы әйелді азғындау ісі бойынша кінәлі деп танылды

10.05.2023, 07:52
DW

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты журналист және жазушы Джин Кэрролды зорлауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Қазылар алқасы 1996 жылдың көктемінде Кэррол саясаткер тарапынан азғындыққа ұшыраған деп тапты.

Трамп әйелге қысым жасағаны үшін 2 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар саясаткер Кэрролға жала жапқаны және оның беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы 3 миллион доллар аударуы тиіс.

Трамптың өзі тағылған айыпты жоққа шығарды.  

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір әйел – 81 жастағы кәсіпкер Джессика Лидс Трамп тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген.

Сондай-ақ 2016 жылы 11 әйел Трампты жыныстық қудалау жасады деп айыптады. Саясаткер сол кезде бұл айыптарды президенттік сайлаудағы қарсыласы, Демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтонның мүддесі үшін қолдан жасалған деп атады.

Серіктес жаңалықтары