×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Күдебаевтан сақшылар қалай көз жазып қалды – ІІМ жауап берді

10.05.2023, 17:43
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев ОКҚ-да өткен брифингте генерал Серік Күдебаевтың елден қашуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баспасөз мәслихатында журналистер ІІМ өкілінен Серік Күдебаевтың барлық жерде бейнекамералар болғанына қарамастан қалай елден қашқанын және оны іздеуге неліктен көп уақыт кеткенін сұрады.

"Бұл жерде түсініктерді шатастырмаңыздар. Генерал Күдебаев қамауда болған жоқ және оның бұлтартпау шарасына полиция жауапты болмады. Бұл жағдайда оған басқа да бұлтартпау шарасы тағайындалды", - деді Марат Қожаев.

Ол генерал Күдебаевтың сот кезінде қамауда отырмағанын атап өтті.

Жалпы, вице-министрдің айтуынша, ІІМ қызметкерлері өткен жылы бас бостандығынан айыру орындарынан қашудың 11 фактісін тоқтатқан. Ал биыл түрмеден қашудың 3 фактісі тіркелген.

"Барлық тұтқындар іс жүзінде бір тәулік ішінде табылды және бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды",  –  деп түйіндеді спикер.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сот шешімі бойынша Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сәуірдің басында генералдың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткенін хабарланған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Бұдан бұрын Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлім еткен.

Серіктес жаңалықтары