Ақтау қаласының жоғарғы бөлігіндегі шағынаудандарда ауыз су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.
Компанияның хабарлауынша, судың уақытша тоқтатылуына магистральдық ауыз су құбырының екпіні себеп болып отыр.
«Магистральдық ауыз су құбырының екпініне байланысты 16, 17, 18, 18а, 19, 20, 39, 40, 41, 44, 45 27, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 34, 34а, 35 шағынаудандар мен Шығыс-1, 2, 3-те ауыз су беру уақытша тоқтатылды» делінген хабарламада.
Қазір судың екпіні баяу жерлер анықталып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.