×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жетісу облысында жол салу кезінде заңды өрескел бұзған шенеуніктер тергеліп жатыр

11.05.2023, 09:09
Жетісу облысында жол салу кезінде заңды өрескел бұзған шенеуніктер тергеліп жатыр
life09.kz

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында автомобиль жолын салу кезінде жіберілген бұзушылықтарға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, биылғы жылдың 7 наурызында Кербұлақ ауданында еріген сулардың шайылуы салдарынан Малайсары станциясына қарай автомобиль жолы жартылай қирап, жарамсыз болып қалған. Прокурорлық тексеру нәтижесінде осы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында заң өрескел бұзылғаны анықталды.

“Бастапқыда бұл жұмыстар мемлекеттік органға жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптама жүргізбестен мемлекеттік сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беретін ағымдағы жөндеу түрінде заңсыз жүргізілген. Бұл өз кезегінде техникалық және авторлық қадағалау тарапынан бақылауды жояды. Нәтижесінде су бұру жүйелерінің өткізу қабілеті есептелмеген және жүргізілген жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген”, – делінген хабарламада.

Прокуратура мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерінде мемлекетке зиян келтірген және аса ірі залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтады. Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 3-тармағының 4-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.