×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Елордадағы су тапшылығы: депутат мәселені шешу жолдарын айтты

11.05.2023, 15:18
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Бибігүл Жексенбай елорда тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, зерттеулер бойынша елімізде 2040 жылға қарай 50% су тапшылығы болуы ықтимал.

«Қазіргі кезде елордада су тапшылығы тәулігіне 30 мың текше метрді құрады», - деді Б. Жексенбай.

Сенатордың сөзіне қарағанда, сол жағалауда тұрғын үй құрылысының қарқынды салынуы су тапшылығына әсер етіп отыр.

Бұдан бөлек ол 4 млн-нан астам қазақстандықты сумен қамтамасыз етіп отырған Ертістің суы көптеген кәсіпорындардың салынуынан, заңды тұлғалардың, шаруа қожалықтарының, кооперативтердің суды көп көлемде пайдалануынан, сондай-ақ үнемдемеуінен және экологиялық жағдайларға байланысты азайып келеді.

«Сәтпаев каналы арқылы Ертістің суын елордаға бұру бойынша жобадан басқа да балама бағыттарды қарастыру керек. Суды бөлудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес, халықаралық құқық аясында трансшекаралық су ресурстарын басқарудың жаңа модельдерін қолға алу қажет. Су ресурстарын кешенді басқару саласындағы мамандардың білім деңгейін арттыруды және білім беру жүйесінің әдістемесін жаңартуды сұраймыз», - деді Бибигүл Жексенбай Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Айта кетейік, бұдан бұрын премьер-министр еліміз 2050 жылға қарай "суға өте мұқтаж" елдердің санатына кіруі мүмкін екенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары