×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев тәртіптік теріс қылығы үшін 5 судьяны қызметінен алып тастады

12.05.2023, 12:13
Тоқаев тәртіптік теріс қылығы үшін 5 судьяны қызметінен алып тастады
nur.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Президент Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент Жарлығына сай, мына өңірлердегі судьялар қызметінен босатылды:

- Ақтөбе облыстық сотының судьясы Жапаров Еркін Мұсаханұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

- Жамбыл облыстық сотының судьялары - Жұмағұлов Нұрлан Асуұлы, Сыздықова Гүлнар Коминтернқызы отставкаға кетуіне байланысты;

- Түркістан облыстық сотының судьясы Жаппасова Клара Жаппасқызы отставкаға кетуіне байланысты.

Астана қаласы бойынша:

- Алматы аудандық сотының судьясы Смағұлова Нұргүл Ілесқызы басқа жүмысқа ауысуына байланысты;

- Есіл аудандық сотының судьясы Құлақбаева Жанна Мұхтарқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

- Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Кушакова Марина Афанасьевна отставкаға кетуіне байланысты.

Алматы қаласы бойынша:

- Алмалы ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Рамазанова Айжан Қадылбекқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

- Медеу аудандық сотының судьясы Жолманова Светлана Сәтбайқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша.

Шымкент қаласы бойынша:

- Абай аудандық сотының судьясы Мылтықбаев Қанат Елемесұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша.

Абай облысы бойынша:

- Семей гарнизоны әскери сотының судьясы Жүнісбеков Асқарбек Жүнісбекұлы отставкаға кетуіне байланысты.

Алматы облысы бойынша:

- Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Түменбаева Алмакүл Қанапияқызы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты.

Атырау облысы бойынша:

- Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Трумова Дина Шоқанқызы қайтыс болуына байланысты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

- Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Губашев Нұрлан Ерболатұлы қайтыс болуына байланысты.

Қарағанды облысы бойынша:

- Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы Мұхатжанова Бақыт Батбекқызы отставкаға кетуіне байланысты;

- Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Дурдыев Рафаил Ибрагимович отставкаға кетуіне байланысты;

- Теміртау қалалық сотының судьясы Шаяхметова Айжан Ғазизқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

- Теміртау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Сыздықов Ерлан Ерғалиұлы отставкаға кетуіне байланысты.

Қостанай облысы бойынша:

- Лисаков қалалық сотының судьясы Ағыбаев Нұрлан Базарбайұлы отставкаға кетуіне байланысты.