×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Mudarabah Сapital ісі: вайнерлердің компания жұмысына неліктен тартылғаны айтылды

22.05.2023, 15:38
Коллаж Ulysmedia.kz

Mudarabah Сapital қаржы пирамидасы ісі бойынша сот процесінде сотталушылар вайнерлер компания жұмысына тек имидж үшін тартылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компанияның бұрынғы заңгері, қазіргі сотталушы Нұрлан Сұлтанбаев Mudarabah Capital компаниясының әйгілі вайнерлерді не үшін тартқанын түсіндірді.

Мемлекеттік айыптаушы қаржылық пирамиданың жарнамалық роликтері компанияның нақты қызметіне қаншалықты сәйкес келетінін сұрады.

- Сіздің ойыңызша, бұл бейнероликтер жүзеге асырылатын қызметтің мазмұнына, мағынасына сәйкес келе ме? Бұл видеоларда шындыққа жанаспайтын ақпарат болды ма, - деп сұрады прокурор.

Нұрлан Сұлтанбаев жарнаманың компаниядағы нақты жағдайды көрсетпегенін мойындап, бейнероликтер бір мақсатпен – имидж жасау мақсатында дайындалғанын түсіндірді.

Ол Mudarabah Capital компаниясының бұрынғы қаржы директоры Тимур Рүстемов бастапқыда вайнерлермен мұндай жарнамаға қарсы болғанын растады.

- Имидждік жарнама деген ұғым бар. Бұл компанияның шынайы қызметіне сәйкес келе ме деген сұраққа келсек, әрине, жоқ. Бұл имидждік жарнама болды. Нативті жарнама бар, имидждік жарнама бар. Бұл имидж үшін жасалды. Аяз Атамен түсірілген "Кока-кола" жарнамасы секілді", - деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Mudarabah Capital  ісі бойынша блогерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев айыпталуда. Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК – 3 млн теңгеден астам кепіл төлеп босатылды. Алматы полициясы Саидбаевқа іздеу жариялады,

Алданған салымшылардан алғашқы өтініштер 2021 жылдың көктемінде келіп түсті. Олар компания тендерлерде ақшаны "айналдыруды" және оның орнына ай сайын жоғары пайыз төлеуді ұсынғанын мәлімдеді. Бірақ соңында олар сан соғып қалған. ASTEX басшысы ұсталды. Astex агенті болған Mudarabah Capital компаниясының қызметкерлері де қамауға алынды.

Тергеу 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін осы компаниялардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті қаржы тарту үшін жеке және заңды тұлғалармен бірлескен қызмет туралы шарттар жасасқанын анықтады. Құжаттарға сәйкес, фирмалар ай сайын салым сомасының 20% төлеуі керек еді. Astex.kz ЖШС-ға 162 салымшының  2 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты Mudarabah Capital арқылы түскен.

Өткен жылдың сәуір айында қаржы пирамидасына 20 млн теңге салған әйел өзін ІІМ ғимаратының жанына өртеп жіберді. Куәгерлер өртті сөндіріп үлгерді. Денесін қатты күйік шалған әйел №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары