×
477.57
503.22
4.92
#Қаңтар оқиғасы #қаңтар қақтығысы #сайлау #жемқорлық #тағайындау
477.57
503.22
4.92

Тоқаев Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

29.05.2023, 08:54
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді» деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

Айта кетейік, Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған жеңіске жетті. 99,43% бюллетеньдерді санау қорытындысы бойынша Режеп Тайип Ердоған – 52,14 пайыз, Кемаль Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады.

Серіктес жаңалықтары