×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Әуелі экономика, содан кейін басқа мәселелер: Тоқаев ЕАЭО туралы пікір білдірді

29.05.2023, 14:02
фото: ашық дереккөзден

ЕАЭО ең алдымен экономикалық интеграциямен айналысуы керек. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесу барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ресей Федерациясымен шекара бойында орналасқан Солтүстік Қазақстан облысының стратегиялық маңызы зор. Ресей – біздің серіктесіміз. Біз ЕАЭО аясында да, екіжақты деңгейде де кедергісіз сауда мен тауар алмасу ісін қамтамасыз ету үшін тұрақты келіссөздер жүргіземіз. Жуырда Мәскеуде ЕАЭО Жоғары Кеңесінің отырысы өтті. Жиында, ең алдымен, өзара экономикалық іс-әрекет, интеграция, ынтымақтастық мәселелерімен айналысу қажеттігі туралы айттық. Сауда-саттық кедергісіз жүргізілуі керек. Біз бірыңғай тауар нарығын құруға бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Қазақстандық жүк тасымалдаушылар тауарды Ресей нарығына да, үшінші мемлекеттердің нарықтарына да кедергісіз және тиімді жеткізу үшін Ресей аумағындағы ішкі теміржол тарифтері қол жетімді болуға тиіс. Тағы да қайталап айтамын: ЕАЭО, ең алдымен, экономикалық интеграциямен, содан кейін басқа мәселелермен айналысуы керек», - деді президент.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, идеология, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салаларындағы мәселелер, әрине, назар аударуды қажет етеді. Бірақ басқа да платформалар бар.

«Онда біз барлық тиісті елдермен табысты ынтымақтастық орнатқанбыз. Сондықтан ЕАЭО, ең алдымен, 2015 жылғы Шартта бекітілген міндетін орындайды деп сенеміз», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын президент Тоқаев «одақ мемлекетке қосылуды» ұсынған Лукашенкоға жауап берген.

Серіктес жаңалықтары