×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда жұмысқа орналастыру агенттіктерінің қызметіне сұраныс өсті

29.05.2023, 19:04
фото: ашық дереккөзден

Елімізде рекрутинг агенттіктерінің қызмет көлемі 7% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  2023 жылғы қаңтар-наурызда халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілген қызмет көлемі 123,7 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көлемі 7%-ға өсті.

Оның ішінде 1,2 млрд теңгенің қызметін немесе барлық көлемнің 1% жеке кәсіпкерлер, қалғанын кәсіпорындар көрсеткен. Жалпы кадрлық қызметтердің 4,2%, яғни 5,2 млрд тг ауылдық жерлерде көрсетілген.

Қызметтердің басым бөлігі Атырау (91,8 млрд. тг), Маңғыстау (6,3 млрд. тг) және Батыс Қазақстан облыстарында (5,1 млрд. тг) көрсетілген. Қызметтердің ең аз көлемі Солтүстік Қазақстан облысында – 58,9 мың тг.

Жұмысқа орналастыру қызметіне тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі кадр агенттіктерінің қызметі, еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі өзге де қызмет қызметтер кіретінін атап өтеміз.

Серіктес жаңалықтары