×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

5G-интернеттің пайда болуы тарифтерді шарықтатып жібермей ме

30.05.2023, 15:32
фото: ашық дереккөзден

Бұл сұраққа «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тарифті тікелей өспейді, тек желіні пайдаланудың жаңа жолы ұсынылады. Оның трафик көлемі әлдеқайда үлкен, жылдамдық көрсеткіші әлдеқайда жоғары болады. Яғни, интернет қолданушылар жылдамдық немесе трафик көлемі бойынша қазіргі тарифтерге көңілі толмаса, жаңа деңгейдегі тарифке өту мүмкіндігі туындайды. Бұл қалыпты практика бүкіл әлемде бар», - деп жауап берді ол.

Мейірмановтың сөзінше, 5G интернет алдағы 5 жылда облыстық деңгейдегі қалалардың бәрінде іске қосылады.

«Мынадай шарт қойылып отыр: биыл біздегі операторлардың әрқайсысы 390 базалық стансадан салып шығады. Жалпы саны шамамен 800-дей болады. Жыл сайын 780 базалы станса салынып отыруы керек. Осының арқасында 5 жылдың ішінде 7 мыңдай базалық станса 5G интернет тарата алады. 2027 жылға қарай бүкіл қалалар бесінші буындағы ұялы байланыс желісімен қамтамасыз етіледі деп үміттенемін», - деді ұлттық компанияның Инновациялар жөніндегі бас директоры.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мәжіліс депутаты сапалы интернет қай жерге қашан жететінін халыққа ашық жариялауды талап еткен.

 

Серіктес жаңалықтары