×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ауыл халқы 3 есе азайған: сенатор ақмолалықтардың жаппай қалаларға көшу себебін айтты

01.06.2023, 12:35
Ауыл халқы 3 есе азайған: сенатор ақмолалықтардың жаппай қалаларға көшу себебін айтты
azattyq.org

Сенатор Талғат Жүнісов Ақмола облысы аудандарындағы су тапшылығы мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың айтуынша, Ақмола облысындағы Егіндікөл ауданының халқы соңғы 10 жылда 3 есеге қысқарып кеткен. Сенатордың пікірінше, ауылдағы су тапшылығы – халықтың қалаларға қоныс аударуы себептерінің бірі болып отыр.

Сонымен қатар, ол Нұра су құбырынан су алатын Қорғалжын және Атбасар аудандарының тұрғындары да су тапшылығына тап бола бастағанын айтты. Аудандардың тұрғындары су құбырларының жиі бұзылуына байланысты бірнеше апта бойы сусыз қалуда. 12 ауыл ауызсуды орталық су магистралінен алады, ал 4 ауыл тек жеткізілетін суға сеніп отырады.

«Елу жылдан бері көп өңірлерге қызмет етіп келе жатқан су құбырының бүгінде сау жері қалған жоқ. Мамандардың айтуына қарағанда, құбырдың 90 пайызға жуығы шіріп, қаусап тұр. Құбыр ішіндегі судың 70-80 пайызы шығын болып отыр. 2014 жылы су құбырын жөндеу үшін 400 миллион теңге қаражат бөлінген, бірақ, әлі күнге дейін, жұмыстар дұрыс жүргізілмей, Нұра топтық су құбыры ауыз суды жеткізуге қауқарсыз болып отыр. Облыстық және аудандық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлініп, су құбыры ішінара жөнделгенімен, тұтастай тәртіпке келмеген соң мәселе шешілер емес. Ақмола облысы тұрғындарының тұрмыс тіршілігі мен экологиялық тұрғыдан маңыздылығын ескере отырып, су құбырларын жаңарту мәселесін қарастыруға ықпал етуді өтінеміз», - деді Талғат Жүнісов.

Айта кетейік, бұдан бұрын сенатор Бибігүл Жексенбай елордадағы су тапшылығы мәселесін шешу жолдарын ұсынған.