×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

"Жауын-шашын аз болады": министр биылғы астық шығымына қатысты болжамды айтты

06.06.2023, 10:02
фото: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы астық түсімі жаман болмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, нақты болжам айтуға әлі ерте.

«Шаруалар егіс егуді қатаң, оңтайлы мерзімде аяқтап жатыр. Топырақта жиналған ылғалды сақтау бағытында жұмыстары да мерізімінде аяқталды. «Қазгидрометтің» берген деректері бойынша маусым айында жауын-шашынның мөлшері республиканың басым бөлігінде орташа жылдық норматив болжанып отыр. Шілде-тамыз айында еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде нормадан сәл аз болады. Басқа өңірлерде жауын-шанынның болжамы нормаға сәйкес болып отыр. Егіннің азды-көпті дәл болжамын жасау үшін өскіннің шығу мерзімін күту керек. Қазір алдын ала факторларды ескергендегі болдам мынадай. Бидайды алатын болсақ, жалпы жинау 16 млн теңге деңгейінде болжанып отыр. Астық жаман болмайды», - деді Ербол Қарашөкеев.

Айта кетейік, былтыр елімізде 23 млн гектарға егін егіліп, 21,6 млн тонна астық жиналған.

Серіктес жаңалықтары