×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Астаналықтардың судан тарығуы: Тоқаев қала әкіміне тапсырма берді

07.06.2023, 15:32
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың сумен қамтамасыз етілу жағдайы туралы Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорданың хабарлауынша, әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент Әкімшілігінің бақылауында болады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астанада судың жоқтығына нарызылық білдірген тұрғындар кеше түнде Нәжімеденов пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы жолды жауып тастады.

Бұдан бұрын елорда әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғын үйлерге су қашан қалыпты мөлшерде берілетінін айтқан.

Вице-премьер Алтай Көлгінов те Астанадағы су тапшылығы мәселесі көп ұзамай шешілетініне сендірген.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары