Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұдан бұрын Тоқаев Алтай Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатқан болатын.
Ол бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарды.