×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

1,2 млн кәсіпкерде жұмысшы жоқ: Қазақстанда бизнес иелері қызметкерлерін жасыратын болған

09.06.2023, 17:11
фото: ашық дереккөзден

Елімізде жеке кәсіпкерлердің саны да, табысы да артқан. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биыл шағын бизнес субъектілерін яғни жеке кәсіпкерлерді кірістер салығынан босату мерзімі аяқталды. Елімізде соңғы 3 жыл ішінде жеке кәсіпкерлердің саны 1,1 миллионнан 1,6 миллионға дейін артты. Өткен жылғы есеп бойынша әр жеке кәсіпкердің орташа табысы 9,2 миллион теңгені құрады. 2019 жылы бұл көрсеткіш 5,1 миллион теңге болған», - деді  Жанәлінов ОКҚ-да өткен брифингте.

Комитет басшысының айтуынша, жекелеген кәсіпкерлер жалдамалы жұмысшылары жайлы деректерді жасырады.

«Жеке кәсіпкерлердің жалдамалы жұмысшыларды көрсетпеуі үлкен проблемаға айналып отыр. Бұл дегеніміз жалдамалы жұмысшылардың зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді ала алмай, медициналық қызметке жүгінгенде шектеулерге әкеп соғады. Бүгінде 1,2 миллион жеке кәсіпкерде жалдамалы жұмысшы жоқ, ал 89,3 мың кәсіпкерде 1 ғана жалдамалы жұмысшы бар. Жалпы еліміздегі кәсіпкерлердің тек 9,5 пайызында ғана 5-тен астам қызметкері бар. Кәсіпкерлерді ынталандырып, көлеңкедегі жұмысшыларын жасырмау мақсатында биылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбекақы төлеу қорынан 20 пайызы мөлшерінде бірыңғай төлем жасау енгізілді», - дейді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары