×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Бурабайда таудан құлап мерт болған әйелдің өлімі тергеліп жатыр

12.06.2023, 11:06
фото: ашық дереккөзден

Бурабай курорты аумағында Бөлектау тауынан әйелдің құлап, мерт болғаны туралы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиға 11 маусымда болған. Анықталғандай, қайтыс болған әйел бір күн бұрын отбасымен бірге Астанадан Бурабай ауданына келген. Бөлектау тауының шолу алаңында суретке түспекші болған кезде төмен құлап, тасқа соғылған.

«Адам өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарына демалуға барғанда сақ болуды және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары