×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Өндірісі төмендеген екі өңір сынға ілікті

13.06.2023, 10:03
Өндірісі төмендеген екі өңір сынға ілікті
фото: ашық дереккөзден

Ел экономикасының 5 айдағы өсімі талқыланған үкімет отырысында премьер-министр екі өңірдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет басшысының дерегінше, бес айда жалпы ішкі өнім 4,5 пайызға артқан.

«Негізгі үлесті өңдеуші өнеркәсіп салалары қосып отыр. Машина жасауда – 32, оның ішінде автомобиль жасауда – 41, локомотивтер мен вагондар өндірісінде 46 пайыз өсім динамикасы тіркелді. Жеңіл өнеркәсіпте – 31, оның ішінде текстиль өндірісі – 51, киім-кешек өндірісінде 4,8 пайыз өсім бар. Тамақ өнімдерін шығару – 6,5, пластмасса бұйымдары – 7,7, минералды өнім шығару – 4,1, дайын металл бұйымдары 11 пайызға артты. Мұнай өңдеу 3 пайызға өсті», - деді Үкімет басшысы.

Негізгі макрокөрсеткіштері өскен және төмендеген өңірлер де аталды.

«5 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі макрокөрсеткіштердің өсімі Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Алматы қаласында тіркелді. Ең төмен көрсеткіштер – Атырау және Алматы облыстарында. Осыған байланысты аталған өңір басшылары тиісті шаралар қабылдауы қажет», - деді премьер-министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын республикалық бюджет кірісі төмендегені хабарланған.