×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Алматыда науқастар ВИЧ-ті қайдан жұқтырған – министр жауап берді

15.06.2023, 09:59
Коллаж: Ulysmedia.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында науқастардың адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру дерегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Алматыға комиссия жіберілді. Біз ауруханаішілік жұқтыруды жоққа шығарғымыз келеді. Тексеру аяқталған соң толық ақпарат береміз. Енді эпидемиологиялық тергеу жүргізу керек, инфекцияның көзін, инфекция жолдарын, ауруханаішілік инфекция болған-болмағанын анықтау керек. Министрліктің, комитеттердің ең үздік мамандары сол жаққа жіберілді", – деді Ғиният Сенат кулуарында.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталық клиникалық ауруханасында емделушілердің АИТВ жұқтырғанын растаған.

Серіктес жаңалықтары