×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Алматының орталық көшелері жарықсыз қалды

26.06.2023, 14:46
фото: ашық дереккөзден

Алматының орталық көшелеріндегі нысандарда электр энергиясы өшіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, жарық 26 маусым күні сағат 14:20 шамасында сөніп қалды. Қазіргі уақытта оның себебі анықталып жатыр.

«Медеу ауданында Бөгенбай батыр, Қалдаяқов, Гоголь, Қонаев көшелерінде электр энергиясы өшіп қалды. Мамандар жұмыс істеп жатыр, себебі анықталуда. Екі сағатта жарық беріледі деп күтіліп отыр», - деп хабарлады «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-дан.

Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодар облысының бірнеше ауылы жарықсыз қалған.

Серіктес жаңалықтары