×
514.65
544.6
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.65
544.6
5.17

Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін қарызы 22 млрд теңгеден асып жығылды

27.06.2023, 10:01
Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін қарызы 22 млрд теңгеден асып жығылды
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Энергия көздерінің отын қоймаларында 3,3 млн тонна көмір және 95 мың тонна мазут жинақталған. Сонымен қатар, 8 станцияда отын қоры нормадан төмен. Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегінің едәуір көлемі маңызды проблемалық мәселе болып табылады. Энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» акционерлік қоғамы алдындағы берешегі 15 млрд 574 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ энергия өндірушілер «Богатырь-Көмір» мекемесіне  6 млрд 541 млн теңге қарыз», - деді ол.

Министр энергетикалық кәсіпорындар қарызды өтеуді жеделдетуі қажеттігін айтты.

«Алдағы 2023-2024 жылғы күзгі – қысқы кезеңге сәтті дайындық үшін жөндеу жұмыстарының қажетті көлемде және келісілген мерзімдерде орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деді Сәтқалиев.