×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Тоқаевтың Баспасөз хатшысының тойда билеп жүрген видеосы тарады

09.10.2021, 21:44

Әлеуметтік желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің тойда билеп жүргені видеосы тарады деп хабрлайды ulysmedia.kz.

Видео Досхан Жолжақсыновтың әйелі Қарагөз Сүлейменованың Instagram сторизіне шыққан. Бүгін Алматыда актер Досхан Жолжақсыновтың 70 жылдығы тойланып жатыр. Сүлейменованың сторизіне қарағанда тойға елдегі ығай мен сығай түгел жиналғанға ұқсайды. Ол жерден Иманғали Тасмағамбетов, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омаровтарды да көруге болады.

Алматы қаласы бүгінде “қызыл аймақта” екенін ескерсек, шаһарда 50  адамға ғана той жасауға рұқсат беріледі.

Еске салсақ, Берік Уәли 2019 жылы наурыз айында президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары